БілімЖаңалықтар

Балабақшаға кезек екі есеге азайды

Қазақстанда балабақшаларға орын бөлу жүйесі жаңартылды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Президент тапсырмасына сәйкес «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру тетігі енгізілді. Жаңа жүйе қазір 20 қала мен 16 ауданда пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатыр.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің айтуынша, осы тетік арқылы балабақшаға кезек саны екі есеге дейін қысқарған. Жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді.

—Ваучерлік қаржыландырудың арқасында 21,8 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделіп, бұл қаражат жаңа ваучерлер беруге қайта бағытталды,-деді оқу-ағарту бірінші вице министрі Майра Мелдебекова.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button