БілімЖаңалықтар

ШҚО университеті алғаш рет Horizon Europe бағдарламасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жоғары оқу орны алғаш рет Еуропалық одақтың ең ірі ғылыми-инновациялық бағдарламасы — Horizon Europe аясындағы конкурстық іріктеуде жеңіске жетті.

Халықаралық TiBeRIUM жобасының консорциумына Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті енді. Жоба титан мен бериллийдің тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға, сондай-ақ оларды өңдеуде экологиялық таза, «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған. Осы форматта алғаш рет Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы аталған стратегиялық металдардың ресурстары кешенді түрде зерттелмек.

Бұл жетістік отандық ғылыми қауымдастық үшін айрықша маңызға ие. Себебі Қазақстан жоба аясында тек шикізат жеткізуші ретінде емес, өз ғылыми әзірлемелері, кадрлық әлеуеті және қосылған құны бар өнімдерімен толыққанды ғылыми-технологиялық серіктес ретінде қатысып отыр. Бұл «өндіру – экспорт» моделінен «ғылым – технология – индустрия» тізбегіне негізделген жаңа даму бағытына көшудің нақты көрінісі.

TiBeRIUM консорциумы 12 елден 25 серіктесті біріктіреді. Қазақстан тарапынан жобаға Үлбі металлургиялық зауыты мен Tenir Group компаниясы қатысуда. Horizon Europe бағдарламасының 2021–2027 жылдарға арналған жалпы бюджеті 95,5 млрд еуроны құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button