Жаңалықтар

ХҚКО-лар цифрлық форматқа көшеді

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы өзгермек. Енді ХҚКО-лар біртіндеп Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселеріне айналады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтар ХҚКО-ға жыл сайын шамамен 15 миллион рет жүгінеді. Көрсетілетін қызметтердің 80 пайызы ең көп сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметке тиесілі.

Қазіргі таңда бұл қызметтер кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріліп жатыр. Соның нәтижесінде ХҚКО-ға келушілер саны азайған.

Алдағы уақытта орталықтар Apple Store үлгісіндегі заманауи цифрлық кеңселер ретінде жұмыс істейді. Азаматтар көптеген қызметті өздігінен, электронды түрде ала алады, – деді Жаслан Мәдиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button