Жаңалықтар

59 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі бойынша тексерілді–ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пешпен жылытылып отырған 59 мыңнан астам тұрғын үйді аралады. Тексеру барысында 17 мыңға жуық қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды.

Рейдтер кезінде әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне 489 көмірқышқыл газының датчигі орнатылды. Бұл құрылғылар қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектесіп, адам өмірін сақтауға мүмкіндік берді.

Мамандар тұрғындарға пештер мен электр құралдарын дұрыс пайдалану, түтін мұржаларын уақтылы тазалау және электр желісіне артық жүктеме түсірмеу қажеттігін ескертеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button