Жаңалықтар

50-ден астам адам рақымшылықпен босатылуы мүмкін

Облыста Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында 50-ден астам адам толық босатылуы, ал 300-ге жуық сотталғанның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін.

Қазір пробация қызметі тиісті материалдарды сотқа жолдап жатыр. Әр іс жеке қаралып, соңғы шешімді сот қабылдайды.

Рақымшылыққа іліккендердің бірі – 22 жастағы шығысқазақстандық. Ол сүйіктісінің өтінішімен анасының алтын алқасын ломбардқа өткізіп, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Алайда рақымшылық туралы заң күшіне енгеннен кейін оның ісі қайта қаралып, сот жас жігітті жазасын өтеуден босатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button