Жаңалықтар
Дастан Сәтбаевты аяқтан шалған футболшы сынға ұшырады

Қазақстандық жанкүйерлер тағы да белсенділігімен көзге түсті. «Челси» сапында өнер көрсетіп жүрген Дастан Сәтбаевтың голы жарияланған видео 28 миллионға жуық қаралым жинап, клубтың басқа ойыншыларының видеоларынан бірнеше есе көп қаралды.
Ал матч кезінде Дастанға дөрекі подкат(аяқтан шалу) жасаған «Уэстерн Сидней Уондерерс» футболшысы қазақстандықтардың сынына ұшырады. Жанкүйерлер оның әлеуметтік желідегі парақшасына жаппай пікір қалдырған.
Ақыры австралиялық ойыншы пікір жазу мүмкіндігін шектеуге мәжбүр болды.



