ЖаңалықтарҚылмыс
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл: 16 млрд теңге қайтарылды

2025жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстар жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің алдын алды.
Есептік кезеңде 1052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Сол істердің 860-ы сотқа жолданды. Көп жағдайда пара алу және бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, 3,3 млрд теңге құнды мүлікке тыйым салынды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 61 азаматқа 24,2 млн теңге сыйақы төленді.
ҰҚК алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын жалғастыратынын хабарлады.



