Жаңалықтар

ШҚО-да кәсіпкерлер 5,5 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеді

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, бизнес өкілдерінен 130 өтініш түскен.

Нәтижесінде 113 кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар 5,5 миллиард теңгеден астам қаржы сақталды.

– Біз үшін ең бастысы – нақты нәтиже. Яғни, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, олардың мүддесін қорғауға баса мән береміз, – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button