Жаңалықтар

Тарбағатайда заманауи тұрғын үй салынады–ШҚО

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында тұрғын үй құрылысы мен жылу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Ауылда жаңа тұрғын үйлер мен орталық жылу қазандығын салу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары алдағы жаз айларында басталады. Бұл туралы аудан әкімі Дархан Жөргекбаев облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өңірге жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға қажетті қаржы көздері анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компания да белгіленген. Жаңа қазандық ең алдымен мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды және көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Ақжар ауылында заманауи тұрғын үйлер салу көзделіп отыр. Бұл үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады және ауылға жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

«Жаңа тұрғын үйлер мен жылу қазандығы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл – өңірдің әлеуметтік дамуына жасалып жатқан маңызды қадам», – деді аудан әкімі Дархан Жөргекбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button