Жаңалықтар
Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

26 қыркүйек күні сағат 08:00-де екі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
«Алтай» сауда орталығында «Ауыл дәмі – тамаша» жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұнда Зайсан ауданынан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мәдени-танымдық шаралар өтеді.
Осы уақытта «ДосНар» сауда үйінде жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді.



