Басты жаңалықЖаңалықтар

Самар әкімі: Егде жастағы тұрғындар көшіп жатыр

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовтің айтуынша, ауданнан көшіп жатқандардың басым бөлігі – егде жастағы тұрғындар.

2024 жылдың соңында ауданда 11 200 адам тіркелген. Қазір ресми мәлімет бойынша халық саны 11 мыңға жуық. Алайда тұрғындар санының азаюына тек көшіп кету емес, тіркеудегі мәліметтерді нақтылау жұмыстары да әсер еткен.

Әкімнің сөзінше, сайлау кезінде жүргізілген санау барысында ауданда тіркелген 700-800 адамның Самар ауданында тұрмайтыны анқталған.

«Балалары оқуын аяқтап, қалада тұрақтап қалады да, ата-аналарын сол жаққа шақырады. Сондықтан көбінде қарт тұрғындар көшеді. Ал халық санын сақтап қалу үшін түрлі шара жүргізіліп жатыр», – деді Серік Жеңісов.

Халық санын арттыру үшін аудан әкімдігі Түркістан, Шымкент және Қызылорда қалаларында Самар ауданына қоныс аударуға шақыру жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар ауданға қандастар да көшіп келіп жатыр. Қытайдан 10 отбасы қоныс аударған. Олар өз кәсіптерін ашып, жұмыс істеп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button