Жаңалықтар
Ертіс көпірінің жағдайы тексерілуде — Өскемен

Шаһар басшысы Алмат Ақышов жобалаушы мамандармен көпірді жөндеу жұмыстарын талқылады.
— Ең алдымен тірек құрылымына келтірілген залалдың көлемін анықтауымыз керек. Маған жіберілген бейнежазбалардан айтарлықтай залал бар екенін байқадым. Көпірге су өткізбейтін асфальтты пайдалануымыз қажет. Сондай-ақ асфальт жабынын толығымен ауыстыру керек. Көпірді кешенді тексеру шамамен екі аптаға созылады, — деді мердігер.



