ДенсаулықЖаңалықтар

Ел өңірлерінде 1 681 жылыту пункті дайындалды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Дауылды ескертулерді үнемі қадағалап, қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау ұсынылады.

Ауыл тұрғындарына ауа райы нашарлаған кезде ұзақ серуендеуден бас тарту керек. Халықты ескерту СМС-хабарламалар арқылы, сондай-ақ интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жүргізіледі. Онда ауа райының күрт өзгеруі мен автожолдардың жабылуы туралы ақпарат беріледі.

ТЖМ қыс мезгілінде жетілмеген мұзға шығу өте қауіпті екенін ескертеді. Су айдындарында жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мақсатында 44 мыңнан астам құтқарушылар, сондай-ақ 14 мыңға жуық техника дайындалды. Ел өңірлерінде 1 681 жылыту пункті әзірленіп, трассаларда медициналық-құтқару қызметтері кезекшілік атқаруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button