БілімЖаңалықтар

«Қора энтертейнмэнт»: Танымал блогер халықаралық іздеуге жарияланды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Instagram желісінде миллионнан астам жазылушысы бар блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлын халықаралық іздеуге жариялады.

1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қайсар Қамзаға қатысты сот оны бірден қамауға алу туралы шешім шығарды.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол заңсыз ойын бизнесіне көмектескен деген күдікке ілінген. Ол Instagram желісінде @qais_arr атауымен (2,4 млн жазылушы), сондай-ақ Telegram желісіндегі «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Блогер өз парақшаларында Қазақстан азаматтарына онлайн-казино ойынын жарнамалап, құмар ойындарға қатысуға шақыратын бейнематериалдар мен сілтемелерді тұрақты түрде жариялаған.

Осы әрекеттер арқылы Қамза Қ.Б. онлайн-казино платформасынан ақшалай сыйақы, бонус алып отырған.

Заңсыз табысты жасыру мақсатында ол криптовалюта әмиянын пайдаланған. Тергеу барысында интернет-казино ұйымдастырушыларынан түскен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге сот санкциясымен арест қойылды.

Егер сізге аталған тұлғаның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (7172) 70-84-78

Басқа жаңалықтар

Back to top button