ШҚО-да 14 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

2025 жылы Өскеменде Жастар комьюнити орталығы ашылды, биыл Күршім ауданында ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 15 коворкинг-орталық пен 10-нан астам жастар ұйымы бар.
Жалпы өңірде 14–35 жас аралығындағы 170 мыңнан астам жас тұрады. Бұл облыс халқының шамамен 25 %-ы.
— 2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен төмен болды. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 10 мыңнан астамы жастарға арналды. 3,6 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты. NEET санатындағы жастар үлесі 4,9 пайыздан 4,3 пайызға төмендеді, — деді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы.
Оның айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждерде жаңа мамандықтар ашылып, 277 студент қабылданды. 5 мыңнан астам студент дуалды оқыту жүйесімен білім алуда, ал 56 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар ұсынылуда.
— 2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында 191 іс-шара өтіп, 30 мыңға жуық жас қамтылды. 75 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы кезеңде өңірде жастар саясаты жұмыспен қамту, білім беру, баспана және жастардың әлеуетін дамыту бағыттары бойынша жалғасады, — деді Айдос Әділбекұлы.



