ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Өскемен қаласында ауа ластануы күтіледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, 14 қаңтар сағат 20:00-ден 15 қаңтар сағат 20:00-ге дейін қала аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. Мұндай кезде зиянды заттардың ауада шоғырлану деңгейі артуы мүмкін.
Қала тұрғындарына мүмкіндігінше сыртта ұзақ болмау, әсіресе балалар мен созылмалы ауруы бар адамдарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Ауа райы мен жол жағдайы туралы өзекті ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады.



