БілімЖаңалықтар
Өскеменде мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Өскемен қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Бұл туралы білім басқармасы мәлімдеді.
Аязға байланысты ертең 1 және 2 ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары сабақтарын қашықтан оқиды. Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.



