ДенсаулықЖаңалықтар
Ауада күкіртті сутегінің мөлшері артты-Өскемен

15 қаңтар күні Өскемен қаласындағы ауаның ластану деңгейі туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Shygyslife.kz сайтының тілшісі.
Кеше кешке қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайдың (ҰМУ) екінші дәрежесі тіркелген. Мұндай кезде зиянды заттар ауада таралмай, атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.
«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай 16 қаңтар күні сағат 20:00-ге дейін сақталады.
Бүгінгі ауаның сапасына қатысты айтар болсақ, рұқсат етілген шекті концентрациядан тек күкіртті сутегі ғана асып түсті. Оның мөлшері нормадан шамамен 2 есе жоғары болған.



