ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде шаңғы жарысынан спорт фестивалі өтеді

Аталған жарысқа 16 жастан асқан оқушылар мен студенттер қатыса алады. Сайыс 24 қаңтарда сағат 10:00-де Комсомольский алаңында өтеді.
Бұл ауқымды шараның ұйымдастырушылары – ШҚО әкімдігі, Полиция департаменті және облыстық прокуратура. Шаңғы жарысына қатысушылар екі жас санатына бөлінеді:
— 16-17 жас
— 18-20 жас
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт фестивалінің мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ, ол қылмыстың алдын алуға, жастар арасындағы қылмыспен күресуге және белсенді азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар, медальдар және естелік сыйлықтар беріледі.
Байланыс нөмірі: 8-707-811-79-59, 8-705-135-38-40.



