ДенсаулықЖаңалықтар
Он бес мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр — ШҚО

Өңірде онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2025 жылға арналған жоспардың орындалу қорытындысы жарияланды.
Облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының директоры Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, қазіргі таңда өңірде 15 134 адам онкологиялық есепте тұр. Ал өткен жылы қатерлі ісіктің 2 556 жаңа жағдайы анықталған.
Мамандар сөзінше, басты мақсат – ауруды ерте кезеңде анықтау. 2025 жылы облыста 140 мыңнан астам тұрғын скринингтен өткен. Бұл қатерлі ісіктің азаюына сеп болған.
Айта кетейік, Самар және Күршім аудандарының ауруханаларында онколог-дәрігерлер жетіспейді.



