The Lancet Трамптың парацетамол туралы сөзін жоққа шығарды

Беделді The Lancet медициналық журналы жүктілік кезінде парацетамол қабылдау салдарынан аутизм көбейіп кетті деген фактіні жоққа шығарды.
АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қыркүйекте жүктілік кезінде парацетамол қабылдау балаларда аутизм қаупін арттырады деп мәлімдеген еді. Ол жүкті әйелдерді оны тек өте қажет болған жағдайда ғана қолдануға шақырған.
Ғалымдар 43 ғылыми зерттеулер жүргізіп, нәтижелерді саралаған. Қорытындыға сәйкес, парацетомол балалардың зейіні мен дамуына кері әсер етпейтіні анықталды.
Лондондағы Әулие Георгий ауруханасының акушер-гинекологы Асма Халил бұрын кей зерттеулердегі байланыстар әдістемелік қателіктер мен басқа факторларға байланысты болғанын айтты.
The Lancet зерттеушілері әр ананың бірнеше жүктілігін салыстырып, генетикалық факторларды да ескерген.
Нәтижесінде парацетамолдың бала дамуына кері әсер етпейтіні дәлелденді.



