ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде жастар арасында шаңғы жарысы өтті

Өскеменде “Қысқы спорт-фест” аясында жастар арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Жарыс облыстық прокуратура мен қала әкімдігі, сондай-ақ AN Groups компаниясының қолдауымен өтті.
Қатысушылар 1,2 шақырым қашықтықта 15–17 және 18–20 жас топтары бойынша шаңғы теуіп жарысты. Жарысқа 100-ден астам адам қатысты.
Сонымен қатар, жақындарын қолдауға келген жанкүйерлерге викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер Sportmaster дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Жеңімпаздарға 1-орын – 200 000 теңге, 2-орын – 150 000 теңге және 3-орын – 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.



