ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде хоккей фестивалі өтеді

Облыс орталығында 29–30 қаңтар күндері хоккейден спорттық фестиваль ұйымдастырылады. Іс-шара Б. Александров атындағы спорт сарайының мұз айдынында өтеді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Шараға 13 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өзара бақ сынап, хоккей шеберліктерін көрсетеді.
Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар, медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтар табысталады.
Қатысу үшін 8 777 764 79 97 нөміріне хабарласыңыз.



