ДенсаулықЖаңалықтар

Премьер-министр: Балалардың энергетикалық сусындарға әуестігі қауіпті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында балалар мен жасөспірімдердің энергетикалық сусындарға құмартуын алаңдатарлық әрі қауіпті жағдай деп бағалады.

– Өте маңызды мәселе – балалардың тұтынатын тағамы. Өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбі фастфудқа, кейін энергетикалық сусындарға әуес болып барады. Кей жағдайда оған тәуелділік те қалыптасады. Бұл – өте қауіпті жағдай. Осыған бүкіл ел болып, қоғам болып тосқауыл қоюымыз керек, – деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, балалардың денсаулығын қорғау – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министріне нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылы электрондық темекі мен вейп айналымына толық тыйым салу жөніндегі норма енгізілгенін айтты. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған.

– Қабылданып жатқан шаралар Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді азайтуға мүмкіндік беріп отыр, – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button