Жаңалықтар
Өскеменде жаңа мұз айдыны ашылды

Өскеменде тағы бір мұз айдыны пайдалануға берілді. Ол «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында, Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұз айдынының жанында тегін автотұрақ, фаст-фуд сататын орындар және конькиді жалға алу қызметі бар. Конькиді жалға алу бағасы — сағатына 1000 теңге.
Жаңа мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтары үшін қысқы демалысты көңілді өткізуге жақсы мүмкіндік болмақ.



