ЖаңалықтарМәдениет

Аңыз ба, әлде тарих па: әлемдегі ең жұмбақ қалалар

Адамзат тарихында ұзақ уақыт бойы жоғалып, кейін тек аңыз ретінде ғана сақталған қалалар бар. Олар туралы әңгімелер мен деректер мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Біреулер бұл қалаларды қиялдан туған аңыз деп есептесе, енді біреулер оларды тарихтың ажырамас бөлігі деп таниды. Төменде әлемдегі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйгілі қалаларға шолу жасаймыз.

1) Атлантида

Атлантида — ең танымал және ең жұмбақ жоғалған қала.
Ежелгі грек философы Платон Атлантида туралы алғаш айтып кеткен. Оның айтуынша, Атлантида өте қуатты және бай мемлекет болған. Бірақ бір күнде судың астына батып кеткен.

Атлантиданың нақты орны әлі табылған жоқ. Кейбіреулер оны Атлант мұхитында іздейді, ал кейбіреулер бұл тек аңыз деп ойлайды.

2)Элдорадо

Элдорадо — “алтын қаласы” деген мағынаны білдіреді.
16-шы ғасырда Испаниялық зерттеушілер Америка құрлығына келгенде жергілікті халықтың аңыздарына сеніп, алтынға толы қала бар деп ойлаған.

Элдорадо сол күйі табылмады. Кейбір зерттеушілер бұл “қала” емес, аңыздағы патша немесе алтынға құмар ел деген мағынада болуы мүмкін дейді.

3)Ұлы Зимбабве

Ұлы (Великий) Зимбабве — Африкадағы үлкен әрі ежелгі қала.
Бұл қалада үлкен қамалдар, тас үйлер, әдемі қазылған құрылыс бар. Ол 11–14 ғасырларда болған.

Қаланы адамдар неге тастап кеткені әлі белгісіз. Кейбір ғалымдар:

•табиғи апат,
•су жетіспеушілігі,
•соғыс,
•экономикалық қиындық
сияқты себептер болуы мүмкін дейді.

4)Пума-Пунку (Боливия)

Пума-Пунку — Боливиядағы ежелгі қала.
Бұл жерде үлкен және дәл кесілген тас блоктардан салынған ғимараттар бар. Тастардың кейбірі өте ауыр, оларды адам күшіне салу мүмкін емес сияқты көрінеді.

Көптеген адамдар “осы тастарды қалай тасып, дәл осылай орналастырды?” деп таң қалады. Кейбіреулер бұл қаланы адамнан басқа күш салған деп те айтады.

5)Мохенджо-Даро (Пәкістан)

Мохенджо-Даро — үнді өркениетінің ең ірі қалаларының бірі.
Бұл қалада жақсы жоспарланған көшелер, су құбырлары, үйлер мен моншалар болған. Қала шамамен б.з.д. 2500–1900 жылдары өмір сүрген.

Бұл қала неге кенеттен босап қалғаны белгісіз. Кейбір теориялар бойынша:

•су тасқыны,
•климаттың өзгеруі,
•аурулар,
•соғыс
себеп болуы мүмкін.

Жоғалған қалалар — адамзаттың өткенін, мәдениетін және тарихын түсінуге көмектеседі. Бірақ кейбір қалалардың неге жоғалғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button