Жаңалықтар

Риддерде 60 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Риддерде Республика күні қарсаңында 60 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Оның 55-і «Қазцинк» компаниясы қызметкерлеріне берілсе, тағы 5 пәтер дәрігерлерге арналып, қала әкімдігіне өтеусіз тапсырылды.

Жаңа баспаналар компания мен кәсіподақ ұйымының бірлескен жобасы аясында берілді. Компанияның 55 қызметкері пәтерлерді пайызсыз несие арқылы сатып алды.

— Қызметкерлерімізге пайызсыз несие беру — компания мен кәсіподақтың олардың әл-ауқатына қосқан нақты үлесі. Сонымен қатар Риддер үшін медицина мамандарының қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан дәрігерлерге арналған бес пәтерді қала әкімдігіне қуана табыстап отырмыз, — деді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button