Жаңалықтар
ШҚО-да шаңғы маусымы қашан ашылады?

«Алтай Альпісі» демалыс курорты шаңғы маусымын ашуға дайындалып жатыр.
Курорт әкімшілігінің мәліметінше, қар жеткілікті түскендіктен, шаңғы жолдарын дайындау жұмыстары басталған.
–Демалыс орны маусымды осы сенбіде ашуды жоспарлап отыр. Алғашқы күндері шаңғы жолдары ауа райы мен қар жағдайына қарай жұмыс істейді,-делінген ақпаратта.



