Жаңалықтар
Өскеменде жарық неге өшті?

Кеше Өскеменнің бірнеше ауданында электр қуаты уақытша өшті. Тұрғындар жарықтың сөнгеніне шағымданды.
«БЭСК» АҚ мәліметінше, сағат 21:44-те №25 қосалқы станцияда апаттық ақау болған. Соның салдарынан Октябрьский және Стрелка аудандарында, Әуезов даңғылы мен Қазақстан көшесіндегі кейбір ғимараттарда жарық өшкен.
Ақауды жою үшін оқиға орнына жедел әрекет ету тобы жіберілді.



