Жаңалықтар
Өскеменде сыра ішкен жасөспірімдер ұсталды

Өскеменде қоғамдық орында сыра ішкен төрт жасөспірім бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Полицияның мәліметінше, оқиға Егоров көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Осы жағдайға байланысты жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.



