Басты жаңалықЖаңалықтар
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Облыста 24-26 қазан күндері күн күрт суытып, жауын-шашын күтіледі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады деп болжануда.
Түнде ауа температурасы -5 пен -10 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы аймақтарда аяз -13 пен -18 градусқа дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы -5 пен +5 градус аралығында болады.
Мамандар жолда абай болып, ауа райының өзгеруіне дайын болуға шақырады.



