ДенсаулықЖаңалықтар

Онкология орталығында ашық есік күні өтеді—ШҚО

31 қаңтар күні облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жатыр мойны обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді.

Ашық есік күнінде әйелдер онкогинекологтардан тегін кеңес алып, онкоцитология талдауын тапсыра алады.

Бүгінде өңірде жатыр мойны обыры диагнозымен 950-ден астам әйел диспансерлік есепте тұр. Былтырдың өзінде 100 жаңа жағдай анықталды. Дегенмен, мамандар көрсеткіштің өсімін, аурудың жиілеуінде еместігін түсіндірді. Айтуларынша, кейінгі жылдары диагностика жақсарған. Есепте тұрған әйелдердің 85%-ында ауру ерте кезеңде анықталған. Өйткені орталықта замануи бейнекольпоскоп бар. Құрылғы дертті дереу анықтауға мүмкіндік береді

Сонымен қатар, өңірде скринингтік бағдарламалар белсенді жүргізілуде және адам папилломавирусына қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 11 жастан бастап 4 мыңға жуық қыз вакцина алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button