Басты жаңалықСпорт
Елена Рыбакина — Australian Open-2026 чемпионы!

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінде жеңіске жетіп, ел қоржынына екінші Grand Slam титулын салды.
Ширек финалда ол әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) сенімді түрде ұтып, чемпион атанды.
Айта кетейік, Рыбакина бұл турнирде қатарынан 10 матчта ТОП-10 құрамындағы теннисшілерді жеңіп, нағыз чемпиондық мінез көрсетті.



