ДенсаулықЖаңалықтар

Күршім ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Күршім ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынды. Елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін жол бойындағы қар тазартылып, арықтар мен су өткізгіш құбырлар ашылып жатыр.

Қазіргі таңда «ОблШығысЖол» жұмысшылары «Күршім–Қалжыр» автожолының 28–31 шақырымындағы су өткізгіш құбырларды қардан тазалап жатыр. Бұл жұмыстарға 2 техника мен 10 адам жұмылдырылған. Мамандар үш күн бойы су арықтарын тазалап, тасқынның алдын алуға күш салуда.

Сондай-ақ, «Күршім-Алғабас» тас жолында да жұмыстар жүргізілуде. Құбырлардағы қарды тазалауға «Күршім» коммуналдық кәсіпорыны мамандары жұмылдырылды.

Су тасқынының алдын алу – ортақ жауапкершілік. Ерте қамдану арқылы қауіптің алдын алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button