Жаңалықтар
КІРУ ТЕГІН: Өскеменде республикалық айтыс өтеді

Айтыс сүйер көрерменнің құлағына алтын сырға, 14 ақпан облыс орталығында «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтеді. Айтыс облыс әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Сайыста Қарағанды облысының өнерпаздары мен өңірлік ақындар командасы өзара жыр додасына түседі.
Жеңіске жеткен команда жобаның келесі кезеңіне жолдама алады.
Айтыс сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өтеді. Кіру тегін.
Ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды ұлттық өнерді тамашалауға шақырады.



