Жаңалықтар

Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

7 ақпанда Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңке «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) өтеді.

Шараға жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады.

Жәрмеңке таңғы 8:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сатып алушыларға сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, сондай-ақ сүт өнімдері мен шұжық түрлері ұсынылады.

Қала тұрғындары сапалы әрі жаңа өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button