ДенсаулықЖаңалықтар
Өскемен–Семей тас жолында автобус қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін сағат 16:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен–Семей тас жолында автобустар мен жүк көліктеріне шектеу қойылды.
Қар аралас жаңбыр жолдың тайғақ болуына әкеліп, көлік қозғалысын қауіпті етіп отыр. Осыған байланысты тас жолдың Герасимовкадан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автобустары үшін қозғалыс шектелді. Бұл шешім жол апаттарының алдын алу және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Жолға шыққан көлік жүргізушілеріне жол-көлік апаттарының алдын алу үшін жылдамдықты азайту, ара қашықтық пен жол ережесін сақтау ұсынылады.



