ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде халықаралық турнирде 11 елдің атлеттері бақ сынайды

14 ақпан күні Өскеменде XI Халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді. Жарыс Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналады.

Турнирге әлемнің 11 елінен 150-ден астам мықты спортшы қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Украина, Литва, Үндістан, Грекия және Түркия елдерінің атлеттері бақ сынайды.

Қазақстан құрамасынан 89 спортшы өнер көрсетеді. Олардың қатарында халықаралық деңгейдегі танымал спортшылар бар. Атап айтқанда, 60 метрге кедергілермен жүгіруден Давид Ефремов, 60 метрге жүгіруден Ольга Сафронова, биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая, ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова және басқа да тәжірибелі атлеттер қатысады.

Жарыс бағдарламасында 17 спорт түрі бар. Олардың ішіне қысқа қашықтыққа жүгіру, кедергілермен жүгіру, биіктікке, ұзындыққа, үш қарғып секіру, сондай-ақ 4х200 метрлік аралас эстафета кіреді.

Биыл турнир World Athletics Indoor Tour (Silver) сериясының кезеңі болып саналады. Спортшылардың нәтижелері әлемдік рейтингке есептеліп, әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Басталуы: 16:30
Өтетін орны: Сәтбаев даңғылы, 82/2
(Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы)
Кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button