Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық командалар халықаралық турнирде көш бастап тұр

UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің үшінші күнінде қазақстандық арнайы жасақ командалары жоғары нәтиже көрсетті. «Офицерді құтқару» кезеңінде барлық үш жүлделі орынды Қазақстан командалары иеленді.

«Kazakhstan A» командасы тапсырманы рекордтық уақытта – 2 минутта орындап, турнир кестесінде көш бастады. Екінші орынды «Kazakhstan B», ал үшінші орынды «Kazakhstan C» командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар тағы екі қазақстандық команда үздік 20-лыққа енді. «Kazakhstan D» 19-орында тұр, ал «Tomiris» қыздар командасы әйелдер арасындағы үздік нәтижесін қайталап, бірқатар ерлер командаларын артта қалдырды.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan C» командасы бірінші орында, ал «Kazakhstan A» екінші орында келеді. Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан турнирде озып келеді.

Алда жарыстың тағы екі кезеңі бар. Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button