Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт
Марқакөлдік оқушы бокстан әлем чемпионы атанды

Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылының тумасы Бекзат Сепенов Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды. Ол 38 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Жас спортшыны Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылының тумасы, кикбоксингтен әлем чемпионатының жүлдегері Естай Елдарбеков жаттықтырды.
Бапкердің тәжірибесі мен кәсіби дайындығы Бекзаттың халықаралық аренада жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.



