БілімЖаңалықтар

Қазақ тілін үйренем десеңіз…

Өскеменде қазақ тілін үйренгісі келетін тұрғындарға арналған тегін «Сөйле» тілдесу клубы бар. Жоба «Менің елім – менің тілім» бастамасы аясында ұйымдастырылған.

Клубтың мақсаты – қатысушыларға қазақ тілінде еркін сөйлеуге көмектесу және тілдік тәжірибені арттыру.

Сабақтар аптасына екі рет өтеді: сәрсенбі күні сағат 17:00-де және жексенбі күні сағат 14:00-де.

Тілдесу клубы Қайсенов көшесі, 121 мекенжайында өтеді. Клуб тренері – Сергей Панасюк.

Қазақ тілінде еркін сөйлегіңіз келсе, «Сөйле» клубына қатысуға мүмкіндік бар. Толық ақпаратты 8 776 444 62 66 нөмірі арқылы білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button