ЖаңалықтарМәдениет

ШҚО-да облыстық балалар фестивалі өтеді

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Shygys Balafest» атты облыстық балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылады. Шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтеді.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең ақпан-наурыз айларында мектеп ішінде өтсе, екінші кезең сәуір айында қалалық және аудандық деңгейде ұйымдастырылады. Ал үшінші кезең – гала-концерт 1 маусым күні өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар гала-концертте өнер көрсетеді. Лауреаттарды марапаттау рәсімі 1 маусымда Өскемен қаласында өтеді.

Фестиваль нәтижелері shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.

Қосымша ақпаратты 8 (7232) 75-26-91 телефоны арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button