ЖаңалықтарҚылмыс
Қазақ қыздарын балағаттаған шетелдік блогерлерді қандай жаза күтіп тұр?

Жақында екі шетелдік блогер қазақстандық қыздарды әлеуметтік желіде балағаттаған болатын. Бұл мәселе қоғамда үлкен наразылық тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылаған жазба интернетте тез таралып, көпшіліктің сынына ұшырады.
Осы оқиғадан кейін блогерлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Алайда бұл іс мұнымен шектелмеуі мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлтаралық алауыздық тудыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Аталған бапқа сәйкес кінәлі деп танылған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



