ДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО-да аяз күшейді: кей аудандарда сабақ қашықтан өтуде

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30 градустан төмендеп, бірқатар қала мен аудандарда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті.

Ауа райы көрсеткіштері:

* Катонқарағай ауданында – минус 34–35°С;
* Алтай ауданында – минус 28–35°С;
* Марқакөл ауданында – минус 30°С;
* Ұлан ауданында – минус 28–32°С;
* Риддер қаласында – минус 26,6°С.

Өскемен қаласында қашықтықтан оқу туралы ақпарат жарияланған жоқ. Алайда облыс орталығында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҰМУ) тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button