ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да есірткі өсірген 53 жастағы ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктер бар жасырын фитолабораторияны анықтады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жүргізген жедел шаралары барысында облыстың 53 жастағы тұрғынының үйінен арнайы жабдықталған бөлме табылған. Тексеру кезінде полицейлер кәсіби құралдардың көмегімен өсірілген есірткі сипатындағы өсімдіктерді анықтады.
Тінту барысында 28 түп өсімдік, өсімдік тектес заты бар 18 полимерлі пакет және өсіруге арналған арнайы техникалық құралдар тәркіленді.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



