ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар (ҰМУ) 14 ақпан күні сағат 20:00-ге дейін сақталады.

«Қазгидромет» облыстық филиалының хабарлауынша, бұл күні ауа райы атмосферада зиянды заттардың жиналуына әсер етеді. Соның салдарынан қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеуге және денсаулығына мұқият болуға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button