ЖаңалықтарҚылмыс

Өскеменде «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтуде

Облыс орталығында 22 ақпанға дейін «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу шарасы өтеді.

Шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар есепте тұрған адамдар тексеріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін анықтап, зардап шеккен азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға шақырады. Қауіп туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button