ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде шыққан өрттен 7 адам эвакуацияланды

Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Оқиға Қарбышев көшесіндегі 7-қабатта орналасқан пәтерде болған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қауіпті аймақтан 7 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

1954 жылы туған пәтер иесі қою түтіннің ішінен құтқарылып, дәрігерлердің тексеруінен кейін медициналық мекемеге жеткізілді.

Өрт 5 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button