ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде жылы аялдамалар тексерілді

Облыс орталығында полиция қызметкерлері жылы аялдамаларды тексерді. Шараның мақсаты – автобус аялдамаларында түнеп жүрген үйсіз адамдарды анықтап, оларға көмек көрсету.
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының» мәліметінше, «45-ші гастроном» аялдамасында тұрақты мекенжайы жоқ әйел адам анықталған.
Тұрғынға қажетті көмек көрсету үшін ол арнайы орталыққа жеткізілді.
Айта кетейік, мекеме Белоусовка ауылында орналасқан.



