ДенсаулықЖаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасы тегін жөнделеді – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы “AVA мүгедектер одағымен” келісімге қол қойып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арбаларды тегін жөндеу қызметін ұйымдастырды.
Тегін қызмет алу үшін Назарбаев даңғылы, 86 мекенжайына баруға болады. Байланыс телефондары: 8-705-282-35-90, 8-705-258-17-15, байланыс тұлғасы – Вадим Алексеевич Аханов.



